Жастар арзан несиеге қызықпайды

341

Қостанай облысында Президент тапсырмасы бойынша жастар кәсіпкерлігін дамытуға бөлінген 900 млн теңгенің 3-тен бірі ғана игерілді.

Жастар арзан несиеге қызықпайды

Жоспар бойынша 180 кредит таратылуы тиіс, ал берілгені 59 ғана. Әсіресе, қала жастарынан өтінімдер өте аз түскен. Олар неліктен арзан несие алмай жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Арзан несиені еліміздің оңтүстік аймағындағы жастар пышақ үстінен бөлісіп алса, ал Тобыл өңірінде мұндай белсенділік байқалмайды. 

Жасы 21-ден 35 аралығындағы азаматтарға 2,5 пайызбен, 5 млн теңгеге дейін несие беру науқаны биыл наурызда басталды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен облысқа 900 млн теңге бөлініп, 180 кредит беру жоспарланған. 4 айда конкурстық комиссия 8 рет жиналып, 269 млн теңгеге 59 кредит беріпті. Өтінімдер көбіне ауыл жастарынан түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу