"Жастар бағдарламасымен" жұмысқа тұрған 2 360 маманға жалақы төленбеген

184

Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7 145 жұмысшының құқығын, оның ішінде 6 342 адамның конституциялық құқығын қорғады. 

"Жастар бағдарламасымен" жұмысқа тұрған 2 360 маманға жалақы төленбеген Фото: canva.com

6 жұмыс беруші – әкімшілік, 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Қадағалау актісі негізінде 601,3 млн теңге жалақы өндірілді. Мысалы, "Жастар практикасы" бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2 360 жасқа 264 млн теңге жалақы қарызы төленді", – деп мәлімдеді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.

Қадағалаушы орган еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер тапты.

Облыстағы 8 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру туралы шарт жасамаған. Оның арасында күріш өсіру саласындағы іргелі құрылым – "Абзал және К" серіктестігі де бар.

Компания 511 адамға байланысты шарт жасамаған. Кемшіліктер бойынша қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 55 жұмыс беруші 500-ден астам жұмысшысын жазатайым оқиғадан сақтандырды.

Облыстық прокуратура бұдан өзге Қызылордада іссапар шығынын өз шотына аударған бас есепшілер тергеліп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу