Жастар еңбек жасағы: оған қанша жастан қатысуға болады?

602

Елімізде жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамту мақсатында "Жастар еңбек жасақтары" құрылады.  

Жастар еңбек жасағы: оған қанша жастан қатысуға болады? Фото: elorda.info

Оның жұмысын жастар ресурстық орталықтары жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жастардың өтінімдері негізінде ұйымдастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы Жастар және отбасы істері комитетінің Ашық НҚА порталында жарияланған "Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту" туралы бұйрығының жобасында жазылған.

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" ҚР Заңының 6-бабы 12-2 тармақшасына сәйкес, қоса беріліп отырған жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін", - делінген бұйрықта.

Жасақ құрудың басты мақсаты - жасөспірімдер, уақытша бос жүрген жастарды уақытша жұмысқа орналастыру. Оған 14-35 жастағы азаматтар мүше бола алады. Еңбек жасағына ену үшін өтінішті онлайн беру мүмкіндігі де қарастырылған. Ол үшін өзі немесе заңды өкілі орталыққа қолма-қол немесе eljastary.kz электронды ресурсы арқылы өтінім береді.

Ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • бірінші қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • екінші қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • кәмелетке толмаған азаматтар үшін ата-анасының бірінің не заңды өкілінің жазбаша келісімі;
  • соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  • денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.
  • жастар жасағы, жұмысқа орналасу, онлайн өтініш, қаулы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу