Жастар күніне арналған ұлттық онкүндіктің алғашқы күні 256 тонна қоқыс жиналды

224

Биыл Қазақстанда Жастар күні 10 күн аталып өтіледі. 

Жастар күніне арналған ұлттық онкүндіктің алғашқы күні 256 тонна қоқыс жиналды Фото: gov.kz

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы мен жастар күніне арналған ұлттық онкүндік басталды. Ел бойынша 13 500 белсенді жас саябақтарды, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын тазалауға және абаттандыруға қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жұмылған жастар жалпы 600 гектарға жуық аумақты тазалап, 256 тонна қоқыс жинады. Атырау облысында акцияға қатысушылар 3000-ға жуық балық шабақтарын құтқарып, Жайық өзеніне жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда Жастар күні 10 күн аталып өтіледі. Онкүндіктің әр күнінің өз тақырыбы бар. 4 тамыз өзін-өзі дамытуға, көшбасшылыққа және кәсіби дамуға ынталандыру күні.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу