Жастар өкілдері перзентханада аналарға құрмет көрсетті

812

Жастар өкілдері перзентханада аналарға құрмет көрсетті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар ісі бөлімінің өкілдері облыстық "Перинаталды орталық" перзентханасының дәрігерлері мен босанып жатқан аяулы аналардың көңілдеріне шуақ сыйлап, мерекемен құттықтады.

Шараны өткізудегі негізгі мақсат – әйелдерге ана болудың артықшылығы мен асыл дініміз бұйырған амалдарды түсіндіру. Сондай-ақ перзенттің тәлім-тәрбиесі, сәбиін дәретсіз емізбеу және бала емізу уақытының екі жыл екендігін түсіндіру сынды насихаттар айтылды.

Шара барысында 60-тан астам әйелдерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар үлестірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу