Жастар жылына орай Алматы облысындағы жастар ресурстық орталықтарына 20 психолог жұмысқа алынды, деп хабарлайды 24.kz.
Олар қиын жағдайға тап болған тұрғындарға және ажырасудың аз-ақ алдында тұрған жас отбасылар мен жүктілікті уақытынан бұрын үзгісі келетін бойжеткендерге психологиялық көмек көрсетіп, түрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізумен айналысады.
Психологтардың алғашқы форумы жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу тақырыбына арналды.
"Болашақта республикалық, халықаралық деңгейде өткізу жоспарда бар. Әрбір аудан, қалаларымызда байланыс телефондарын орнатып, оларға тікелей хабарласуға болатын мүмкіндіктер жасап, психологиялық қолдау көрсету орталығын жасап жатырмыз. Бұл жерде жастардың әр бағыт бойынша ұсыныстары және сұраныстарымен тікелей жұмыс атқарамыз", – дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас.