Жастар санатының жас мөлшері ұлғайтылды

773

Бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.  

Жастар санатының жас мөлшері ұлғайтылды Фото: egemen.kz

Елімізде 35 жасқа дейінгілер енді жастар санатына кіреді. Жаңа заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Палата депутаттары осы құжатты екінші оқылымда қолдап, дауыс берді. Бастама мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, жұмыспен қамту, жастардың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр.

"Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар "жастар" ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзету енгізді. Бұл -  жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Жергілікті атқарушы органдарға жастарға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй тапсыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзырет беруге бағытталған түзетулер енгізді", – деді ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу