Жастардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесі талқыланды

5512

Жастардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Бүгін ҚР мемлекетік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ХХІ кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңес жұмысына үкімет мүшелері, ҚР парламентінің депутаттары, еліміздің жастар ұйымдарының көшбасшылары мен жастар саясаты саласындағы сарапшылар қатысты.

Күн тәртібінде "рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазіргі қазақстандық жастардың құндылық мақсаттары мен жастар арасындағы мәдени-бос уақыт қызметтерін тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды. 

"Біз үшін бастысы жастардың тарихқа, ұлттық мәдениетке, дәстүрге қызығушылығын ояту. Ол үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жастарға арналған жобалар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды қолдау мен зерттеу орталықтарын ашу қажет", – деді мемлекеттік хатшы.

Кеңес отырысы барысында дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев баяндама жасады.

Жастардың мәдени және спорттық нысандарға қолжетімділігін шешу үшін дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өткен жылы барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында 2017-2020 жылдарға арналған жастардың бос уақытын өткізу туралы жоспарларын бірлесіп қабылдауға бастама көтерді. Өткен жылы осы жоспарларға сәйкес - 379 жаңа көп функционалды нысандар және 7 сауықтыру орталықтары пайдалануға берілді. Соның ішінде ОҚО-да жаңадан құрылған нысандардың саны 178 бірлікке жетті.

Кеңестің күн тәртібі аясында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, журналист-публицист Қанат Әуесбай, кәсіпкер Жанболат Маратов, "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев баяндама жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу