Жастар стартаптарын қолдауға арналған арнайы қор құрылады

880

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке бұл мәселені мемлекеттік компаниялармен бірлесіп шешуді тапсырды.

Жастар стартаптарын қолдауға арналған арнайы қор құрылады

Президент жастар стартаптарын қолдауға арналған арнайы қор құру керектігі туралы айтып, үкіметке бұл мәселені мемлекеттік компаниялармен бірлесіп қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Үкіметке ірі компаниялармен, олигархтармен және ұлттық компаниялармен бірлесіп жастар стартаптарын қолдауға арналған арнайы қор құруға тапсырма беремін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын салтанатты ашу барысында.

Президенттің айтуынша, былтырғы жылы елімізде 125 мың жас мектеп бітірген.

"Алдағы уақытта еңбек нарығына шығатын жастар саны тек өсетін болады. Тап қазіргі уақытта елімзде 300 мыңға жуық немесе барлық жастардың 9%-ы не білім алып жатқан жоқ, не жұмыс істемейді. Осы көрсеткішті жыл сайын 1%-ға қысқартуға көмектесетін тиімді шаралар қолдану қажет", – деп атап кетті президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу