Жастар тәжірибесі аясында 1618 адамға 69 450 теңгеден төленеді

825

Тәжірибе ұзақтығы 6 ай. 

Жастар тәжірибесі аясында 1618 адамға 69 450 теңгеден төленеді

Алматыда "Еңбек" бағдарламасы аясында 1618 жас тәжірибе жинауға жіберілмек. Оларға бюджеттен 25 АЕК, яғни, 69 450 теңгеден төленеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг барысында қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мәлімдеді. 

"Жастарды жұмыспен қамту бойынша бөлек жұмыстар жүргізілуде. "Еңбек" бағдарламасында жастар тәжірибесі қарастырылған. Ол оқуын енді тәмамдаған түлекке жұмыс орнында тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Ал оны аяқтаған жас тұрақты жұмысқа тұра алады. Биыл біз 1618 адамды жастар тәжірибесіне бағыттауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде 142 адам аталған жоба бойынша еңбек етуде", – деді Диляра Иманқұлова. 

Тәжірибе ұзақтығы 6 ай. Жастарға бюджет есебінен 25 АЕК немесе 69 450 теңге жалақы төленбек. 

Сонымен қатар колледждерде оқитын студенттердің кәсіби біліміне ерекше назар аударылады. Бұл мақсатта биыл 2500 жас оқуға қабылданбақ. Басымдық мектепті осы жылы бітірген түлектерге беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу