Жастар тәжірибесіне қатысушының еңбекақысы 65 мың теңге болады

761

Жастар тәжірибесіне қатысушының еңбекақысы 65 мың теңге болады

Астанадағы ЖОО және колледж түлектері үшін Халықты жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі үшін алғашқы жұмыс тәжірибесі мен мамандығы бойынша машықтану үшін арнайы бағдарлама қарастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастар тәжірибесі жас мамандарға тәжірибе кезінде ұжымда өзін көрсетуге, теориялық білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Оған қатысуға жоғары оқу орнын бітіргеніне үш жыл болған, 29 жастағы алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер қатыса алады.

Осы жылы жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысы 65000 теңге болмақ.

Бүгінде түлектерге жастар тәжірибесі бойынша ең басымдық беріліп отырған бос орындар ұсынылуда: бухгалтерлер үшін – 66 жұмыс орны, заңгерге – 59, экономистке – 47, қаржыгерге – 37, программистке – 26 жұмыс орны бар.

Айта кетейік, жастар тәжірибесі уақытша және алты айға созылады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу