Жастар тегін такси эстафетасын бастады

1405

Ақтөбенің Ойыл ауданының жастары бір күн бойы тегін такси қызметін ұсынды.

Жастар тегін такси эстафетасын бастады

Ауданның белсенді жастары игі шарада бір күн бойы қызмет етті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарияларды қалаған жеріне жеткізу қайырымдылық шарасы Ойылда басталып, эстафета Байғанинге жолданды, деп хабарлайды аktobenews.kz..

"Жастар жылын қайырымдылық жасаумен бастадық. Тегін такси қызметінен бөлек жалғыз қалған қарттарымыздың ауласындағы қарды күреп бердік. Акцияға қатысқан барлық жастарымызға ерекше алғысымызды айтамыз. Шара әлі де жалғасын таппақ. Осындай қайырымдылық акциялары тек Ойыл ауданында емес, облыс орталығында, басқа да аудандарда жалғасын тапса дейміз. Осы эстафетаны Байғанин ауданының жастарына жолдаймыз",  дейді Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Мейрамбек Музамелұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу