Қоғамдық даму министрлігі "Жастар жылының" логотипін жариялады, деп хабарлайды abctv порталы.
"Бұл логотипте жыл сайынғы жылы жаққа көші-қоны кезіндегі тырналардың қатар құрып ұшуы көрсетілген. Ұшудың дәл осындай тәсілі – үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін алыс қашықтықтарды еңсеруге мүмкіндік береді. Әрбір құстың қанатының ұшында әуе құйыны пайда болатыны, осының арқасында артта ұшып келе жатқан құсқа қосымша көтерме күштің берілетіні ғылыми дәлелденген. Бірлескен табысты ұшудың негізгі ережесі – топ пен барлық еңбектің нәтижесін қатамасын ететін адал қарым-қатынастар", – деп дәйектейді министрлік.
Ведомство аталған бастама жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі болып табылатынын айтады. Тырналар мәңгілік жастық, бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістіктерге бірлескен күш-жігерлер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізілді.
Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген екен. Мысалға сары түс – позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс – кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс – рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс – тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болып табылады.