Жастарды кадрлық резервке іріктеу 1 қыркүйекте басталады

984

Оның қорытындысы бойынша 50 адам таңдап алынады.   

Жастарды кадрлық резервке іріктеу 1 қыркүйекте басталады

Бұл туралы Президенттік жастар кадр резервіне 2-ші іріктеудің басталуы туралы брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жастарды кадрлық резервке іріктеу 1 қыркүйекте басталады. Оның қорытындысы бойынша 50 адам қалады. Мұндағы басты талаптар – азаматтығы, жасы, жұмыс тәжірибесі. Конкурска 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі мен 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар ел азаматтары қатыса алады. Ал бұл жолғы конкурстың алдыңғы іріктеуден айырмашылық – жастардың білім деңгейі мен дағдыларын бағалаумен қатар, шынайы мақсаттары мен құндылықтарын анықтауға назар аударылады. Бірінші кезекте қоғамдық мүддені алға қоятын жас дарындарды іздейміз", – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы.

Осыған байланысты іріктеу кезеңдеріне бірнеше жаңа бағыттар қосылған. Атап айтқанда, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, мінез-құлықтық сұхбат. Конкурсқа Президент тағайындаған тұлғалар, саяси мемлекеттік қызметкерлер, А корпусындағы әкімшілік қызметкерлер мен Президент қардлық резервіндегі азаматтар қатыса алмайды. 

"Іріктелген жастар А корпусындағы әкімшілік қызметке немесе В корпусында басшылық қызметке 3 жылға тағайындалады. Соңғы шешімді Кадрлық резерв бойынша ұлттық комиссия қабылдайды", – деді Анар Жайылғанова.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу