Жастарды жұмыспен қамту: Астанада "Жасыл ел" жобасына өтінім қабылдау басталды

612

Бұл бағдарламаға 14 жастан бастап мектеп оқушылары, студенттер және 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. 

Жастарды жұмыспен қамту: Астанада "Жасыл ел" жобасына өтінім қабылдау басталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадағы Кәсіптік-техникалық колледжде "Жасыл ел" жобасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2005 жылдан бастап "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары бағдарламасы Республиканың барлық өңірінде және Астана қаласы бойынша жүзеге асырыла бастады.

Қатысушыларға 65 мың теңге көлемінде сыйақы төленеді. Жастар қаладағы саябақтарда, құрылыс нысандарында, "Жасыл белдеуде" еңбек етеді.

"Бүгінгі ашылу салтанатымен қатар, Кәсіптік-техникалық колледжінің аймағында ағаш отырғызу шарасы да өткізіліп отыр", – деді "Жасыл ел" жобасының жетекшісі Абдурашид Асылбек.

Биыл аталған жоба аясында 4200 жасөспірімдер мен жастарды қамту көзделген, олардың қатарында көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар да бар. 

Жобаға қатысатын жастардың барлығы арнайы экипировкамен қамтамасыз етіледі.

Жазғы еңбек маусымында жастарды жұмыспен қамтуға "Базис-А" құрылыс компаниясы, "Астана көгалдандыру құрылысы" АҚ, "Астана орманы" ЖШС, 100-ден білім беру мекемелері, 20-ға жуық колледж және 10-нан астам жоғару оқу орындары серіктес болуға келісім беріп отыр. 

Жобаға қатысуға өтінім қабылдау 20 мамырға дейін жүргізіледі.

Мектеп оқушылары өз мектебіне жүгінуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу