Алматыда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ. Жергілікті әкімдік пен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес, оған бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп отыр. Жеңілдетілген несиенің үстеме ақысы жылы 5%-ды құрайды.
Бағдарлама механизмін түзуге маслихат депутаттары да тартылған. Сондай-ақ, қалалық бюджетті бекітуде денсаулық сақтау саласына 303,2 млн теңге бөлу қарастырылыпты. Қаржы жедел-жәрдем шақыру санының көбеюіне байланысты шығындарды жабуға, құрылыс пен сейсмикалық шараларды күшейту және онкологиялық орталық салуға жұмсалуы тиіс. Тағы 71 млн теңге "Балапан" мемлекеттік тапсырысын орындауға бөлінсе, 10 млн теңге 2 мектеп тұрғызуға беріліп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу