Жастарға арналған "Ulytau Zhastary" тұрғын үй бағдарламасы басталды

336

Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. 

Жастарға арналған "Ulytau Zhastary" тұрғын үй бағдарламасы басталды Фото: freepik

Ұлытау облысында жастарға арналған "Ulytau Zhastary" тұрғын үй бағдарламасы басталады. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі облыс жастарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облысының әкімдігі "Отбасы банк" АҚ бірлесе отырып қол жетімді қарыздар беру үшін 1 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлді.

Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.

Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына бағдарламаның талаптарына сай келетіндер және бекітілген критерийлер бойынша көп балл жинағандар өтеді. Ол критерийлер санына некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі және т. б. әсер етеді.

Ең көп балл жинағандар қатысушылардың төлем қабілеттілігін "Отбасы банк" АҚ-айқындайды.

Аталған бағдарламаға Ұлытау облысында орналасқан келесі қызмет салалары қатыса алады:

1) Денсаулық сақтау – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері;

2) Білім беру –  техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда,Ұлытау облысында орналасқан білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (соның ішінде 100% мемлекет қатысатын АҚ және КЕАҚ) педагогикалық ұжымы;

3) Мәдениет – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында тіркелген мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мамандандырылған қызметкерлері;

4) Спорт – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында тіркелген мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін спортшылар мен жаттықтырушы-педагогтар;

5) БАҚ – атап айтқанда техникалық және әкімшілік персоналды, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда, Ұлытау облысында орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарында тіркелгені туралы куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері;

6) ЖОО – атап айтқанда техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында тіркелген жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлері;

7) Әлеуметтік сала – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысында тіркелген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлер;

8) Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда "Қазпошта" акционерлік қоғамы филиалының  қызметкерлері;

9) Мемлекеттік қызметшілер – жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіндегі лауазымдарды атқаратын, Ұлытау облысы жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй алу кезегінде тұрған мемлекеттік қызметшілер;

10) Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Ұлытау облысының елді мекендерін электрмен, сумен, жылумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қызмет жасайтын мамандандырылған қызметкерлер;

11) Ауыл шаруашылығы және ветеринария – техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, ветеринариялық пункттердің қызметкерлері, ветеринарлық техниктер мен дәрігерлер, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік коммуналдық мекемелердің қызметкерлері;

12) Қызмет саласына қарамастан, Ұлытау облысында "жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар" санатында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған отыз бес жасқа дейінгі азаматтар несиелеуге қатыса алады.

"Ulytau zhastary" бағдарламасы қатысушыларына қойылатын талаптар: 

- Қазақстан Республикасының азаматтығы;

- Қатысушының Ұлытау облысында тұрақты тіркеуде болуы;

- Қатысушының жасы өтініш берген уақытта 35 жастан (қоса алғанда) аспауы керек, жұбайының (зайыбының) жасы ескерілмейді (болған жағдайда);

- Өтініш берушіде және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде ҚР аумағы бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактісі (лер) болмауы;

- Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

- Қатысушының Ұлытау облысында ресми жұмыс өтілі өтініш беру кезінде кемінде соңғы бір жыл үздіксіз болуы тиіс, оны зейнетақы шотынан алынатын үзінді көшірмесімен растау қажет;

- Кепілзаттық қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде банктің немесе банктегі тұрғын-үй құрылыс жинақтары талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілдің болуы.

Өтінім беру үшін қажет құжаттар тізбесі:

1. Қатысушы мен оның жұбайының жеке куәлігі;

2. Балалардың туу туралы куәлігі;

3. Неке туралы куәлігі (асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша қайтыс болуы туралы куәлік)

4. EGOV көмегімен мекенжай анықтамасы;

5. Отбасының барлық мүшелері үшін Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама (EGOV);

6. Жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орны туралы анықтама (ресми бланкіде немесе ұйымның мөрімен куәландырылған, лауазымдары, жұмыс кезеңі, жалақысының мөлшері көрсетілген);

7. Еңбек кітапшасының көшірмесі;

8. Қатысушының (соңғы 12 айдағы) зейнетақы жарналары туралы анықтама (EGOV);

9. Мүгедектігі, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалғандығы  туралы анықтама анықтама (EGOV).

10. Ұлытау облысында "жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар" және "мемлекеттік қызметшілер" санатында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрғанын  растайтын құжат.

11. Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы (балалар үйі) түлегі екенін растайтын құжат (анықтама).

 

Айта кетейік, бағдарламаға қатысуға өтінім беру Бейбітшілік даңғылы 26/1 мекенжайында орналасқан Жастар сарайында жүзеге асады.

Өтінімдер 2024 жылдың 7-21 тамызы аралығында сағат 10.00-18.00 аралығында қабылданады (түскі үзіліс 13.00-14.30).

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу