Оны кәсіп ашып, ісін дөңгелеткісі келетін 21-35 жас аралығындағы азаматтар рәсімдей алады. Мерзімі 5 жыл, ал жылдық мөлшерлемесі небәрі 2,5 пайыз. Кредит жұмыс істеп жүрген жастарға да, жұмыс істемей жүргендерге де, тіпті студенттер мен жас кәсіпкерлерге де беріледі. Алайда, олардың бизнеспен айналысып жүргеніне 5 жылдан аспауы тиіс әрі кепілге қоятын мүлікі болуы шарт. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Биылға 29 млрд бөлінсе, 2024-ші және 25-ші жылдарға 30 млрд теңгеден бағытталмақ. Қазіргі таңда өтінімдер 20 өңірдің 15-інде ғана қабылдана бастады.
"Қазір қаражаттың бәрі өңірлерге жеткізілді. 15 өңір қаржылық процедураларға байланысты 28 ақпанға дейін біз оларға ақшаны бердік. 4 өңір: Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен СҚО 1 наурыздан қойғаннан кейін, 1 наурыздан кетті оларға. 1 облыс ШҚО сәуір айында жеткізіледі. Барлық облыстарда бұл қаражат жастарға жеткізіледі", дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.