Жастарға баспана алу үшін жеңілдетілген несие берілмек

2264

Жастарға баспана алу үшін  жеңілдетілген несие берілмек

Қазақстанда жастарға үй сатып алуға жеңілдетілген несие беру қарастырылуда, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұл туралы әкім Бауыржан Байбек жалпыхалықтық жұмыс орны жәрмеңкесінде хабарлады.

“Президенттің тапсырмасымен 2017 жыл Алматыда жастар жылы болып бекітілді. Біз “Жастарды қолдаудың жол картасы-2020″ бағдарламасын дайындадық”, – деді әкім.

Байбектің айтуынша, қазір жас отбасыларға арналған жатақхана салуға 3,7 млрд теңге бөлінді. Бизнес субъектілерін қаржыландыру тетіктері арқылы 320 жас отбасын жатақханамен қамту жоспарланған. Жол картасының жалпы шығыны 7,2 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу