"Жастарға кеңес": 50 мыңға жуық қызылордалық кеңес алды

527

Жоба мақсаты - жастардың өзекті мәселелерін анықтай отырып, оларға консультативтік көмек беру болып табылады.  

"Жастарға кеңес": 50 мыңға жуық қызылордалық кеңес алды Фото: gov.kz

Өңірде "Жастар рухы" ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Жастарға кеңес" жобасы жүзеге асырылып келеді, деп жазады inbusiness.kz.

Қала аумағына қарасты Тасбөгет кенті әкімдігінің қолдауымен С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде өткен қоғамдық қабылдауда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы, облыстық әділет департаменті, қалалық жұмыспен қамту орталығы, "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы, облыстық және қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ мамандары жастармен кездесіп, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды бойынша кеңес берді.

"Жастардың өзекті мәселелерін шешу, тұрғын үй, жұмыспен қамту, құқықтық сүйемелдеу және т.б. мәселе бойынша консультациялық көмек көрсетуде жобаның алатын орны ерекше.Өткен жылы жоба аясында 5000-ға жуық жас шешімін таппай жүрген мәселелері бойынша бағыт-бағдар алды. Солардың ішінде көпшілігі жұмыссыздық және тұрғын уй, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелермен жүгінеді", - дейді жоба кеңесшісі Р.Қалиева.

"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының қызметкері Д.Ниятовтың айтуынша шаңырақ көтерген жас отбасылар көпшілігі тұрғын үй алу бойынша кеңес алуға келеді. Осы ретте 2025 жылға дейін қала жастарына арналған "Сыр жастары" жеңілдетілген ипотекалық кредит беру пилоттық бағдарламасын іске асыру көзделген.

Алдағы уақытта кеңес орталығының кезекті қабылдау іс-шаралары жылжымалы түрде қала аумағындағы ауылдық округтер және аудандарда өз жалғасын табады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу