Жастарға мөлшерлемесі жылдық 2,5%-бен несие беріледі

955

Несиелеу "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы 1 қаңтардан басталады.  

Жастарға мөлшерлемесі жылдық 2,5%-бен несие беріледі Фото: aigak.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында жастар үшін жеңілдікті микрокредит берудің жаңа тетігі енгізілетін болады, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Несиелеу талаптарына сәйкес, микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі, кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен айналысатын жастарға конкурстық негізде беріледі. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы берілетін несиенің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% - дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепіл болуы міндетті.

"Микрокредит кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды. Жалпы алғанда, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте жастарды микрокредиттеудің осы тетігін іске асыру үшін 28 млрд теңгеден астам қаражат көзделген, бұл 5,7 мыңнан астам жастарды жеңілдетілген микрокредитпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу