Жастарға жалға берілетін баспанаға 6030 өтініш қабылданған

742

Құжаттарды толтырумен қатар 4 мыңнан астам онлайн кеңес берілді. 

Жастарға жалға берілетін баспанаға 6030 өтініш қабылданған

Smart Astana порталы арқылы жұмыс істеп жүрген жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы бойынша қазірдің өзінде 6030 өтініш қабылданды.

Сонымен бірге жүйеге виртуалды көмекші қосылды, ол интерфейсте жүгінген кісілерге бірден барлық қажетті мәселелер бойынша кеңес береді. Құжаттарды толтырумен қатар 4 мыңнан астам онлайн кеңес берілді.

Smart Astana порталы Электрондық үкіметпен біріктірілген және жылжымайтын мүліктің бар/жоғын (2 нысан), тіркеу уақытын, жасын, отбасылық жағдайын, балаларының болуын, отбасының тіркеу мәліметтерін және басқаларды автоматты түрде тексереді. Сонымен қатар, жүйе өлшемдерге сәйкес келмейтін, яғни Нұр-Сұлтанда тіркеуде жоқ, я болмаса жылжымайтын мүлкі бар және т.б. тұлғалардан 1180 өтінішті қабылдамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу