Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау қашан басталады

732

Биыл елордада 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алуға өтінімдер қараша айында басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау қашан басталады

Құжаттарды тапсыру мерзімі және құжаттар қабылданатын портал туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй қорының интернет-ресурстарында алдын ала жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама аясында тұрғын үй тек жұмыс істейтін жастарға 5 жылға беріледі, осы мерзім аяқталғаннан кейін пәтерді босату қажет болады. Сондықтан өтініш беруші іріктеуден өтіп, жалға берілетін үйге ие болса, бес жыл ішінде өз баспанасына бастапқы жарна сомасын жинауы керек.

Тұрғын үй үшін ай сайынғы жалдау ақысы 5-15 000 теңге. Бұл – жұмыс істейтін жастардың өз баспанасына ақша жинауы үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

- 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
- аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
- Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркеуде болу;
- өтініш берушіде және отбасының барлық мүшесінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
- төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).

Бірінші кезекте ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізім бойынша анықтамалардың барлығы жаңа болуы және өтінім берген кезде алынуы керек. Қажетті құжаттар тізімін www.zhilfond.kz.сайтынан білуге болады.

Құжаттарды тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі:

- Отбасының болуы үшін – 5 балл, некенің әр жылы үшін – 2 балл;
- Баланың болуы үшін – 1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;
- Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін – 1 балл;
- нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге – 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);
- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
- өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;
- екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтарды үшін – 2 балл.

Қосымша ақпаратты iKomek-тің 109 (мобильді телефондар үшін), сондай-ақ +7-700-725-17-32 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады – "Нұр-сұлтан қаласының жастар саясаты басқармасы" ММ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу