Жасыбай көліне келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті

1285

Жасыбай көліне келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Астана күні мерекесіне орай елімізде төрт күн демалыс болды. Бұл уақытта Баянауылдағы Жасыбай көліне келушілер саны соңғы бес жылда рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Баянауыл" ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Ерғалым Қайыргеновтың айтуынша, мереке күндері Жасыбай демалыс орны 4500 адамды қабылдаған.

"Басқа күндері бақылау өткізу пунктінен орташа есеппен 200 адам өтеді. Бұл жолғы көрсеткіш күнделікті нормадан 22 есе артып түскен. Мұндай қалың қонақтарды демалыс аймағы осыдан төрт-бес жыл бұрын қабылдаған", - дейді ол.

Ал, "Салтанат" дәмханасының иесі Салтанат Солтанованың айтуынша, Астана күні мерекесінде қосымша үстелдер орнатылған.

"Біздің кафе бір уақытта 50 адамды қабылдай алады. Келушілерге тағамның 14 түрін ұсына аламыз. Кезек күттірмес үшін барымызды салып жұмыс жасадық" – дейді Салтанат Төлеуқызы.

Баянауыл аудандық жергілікті полция қызметінің бастығы Мұрат Мұсатаевтың сөзіне сүйенсек, демалушылардың өз салғырттықтарынан заттарын жоғалтқаны болмаса, ірі құқық бұзушылық тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу