Жасыбай мен Сабындыкөлге 140 мың тұқы шабағы жіберіледі

1055

Жасыбай мен Сабындыкөлге 140 мың тұқы шабағы жіберіледі

Биыл күзде Баянауыл ауданында Жасыбай мен Сабындыкөлге 140 мың тұқы шабақтары жіберіледі. Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаева мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Соңғы рет Баянауыл ауданындағы екі көлге тұқы шабақтары 2016 жылы жіберілген болатын, - деді Әйгерім Қабылтаева. – Бұл шараға 1,6 миллион теңге жұмсалған. Қазіргі уақытта  сол аймақ бақылауға алынған. Десе де, нәтижесі тек 4-5 жылдан кейін ғана белгілі болады. Биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында Жасыбайға 60 мың, ал Сабындыкөлге  80 мың тұқы шабақтары жіберіледі".

Спикердің айтуынша, өңірде жергілікті маңызы бар 265 балық шаруашылығы тоғаны бар. 26 табиғат пайдаланушыға 59 тұщы су тоғаны бекітілген. Олардың жалпы аумағы 5140 гектарды құрайды.

Бүгінде 12 табиғат пайдаланушыға 82 тоннаға жуық балық аулауға 35 рұқсат қағаз берілген. Оның 61 тоннасы Май ауданы Қарасор көліне  тиесілі. Бұған қарамастан, табиғат пайдаланушылары арасында балық шаруашылығын жүргізуден бас тартқандары да бар.  Оған соңғы жылдары балық шаруашылығын жүргізу талаптарының күшеюі, көлдерді күту мен  қызмет көрсету шығындарының  артуы себеп болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу