Жасыбайда жазғы демалыс маусымы ашылды. ЭКСПО халықаралық көрмесіне орай биыл Баянауылдағы демалыс орындарына 200 мыңнан артық туристер келеді деп жоспарланған. Енді Баянауылға ұшақпен де қатынауға болады. Биыл Баянауылдағы демалыс орындарында жаңалық көп. Облыстық бюджеттен бөлінген 3,5 млрд теңгегебіраз шаруаның басы қайтырылыпты. Жасыбаймен Сабынды көлдерінің жағасы жөнделіп, жағажай жаңартылған. Жаңадан демалысүйлері бой көтерді. Торайғыр көлінің жағасы да демалушылар орнына айналмақ. Жолқашықтығын енді ұшақпен-ақ еңсеруге болады. Өйткені, осы жаздан бастапБаянауылға үш қаладан 20 орындық ұшақтар қатынайтын болады. Шағын аэродромныңқұрылыс жұмыстары толық аяқталмағанымен ұшақтарды қабылдауға дайын.
"Үш қаладан жоспарлап отырмыз, Астана, Қарағанды және Павлодар қаласынан. Бұл коммерциялық рейстар. Клиент болып тұрса күнде ұшыпотырады. Егер клиент аз болса аптасына бір-ақ рет ұшады. Коммерческий рейсөздері шешеді. Ангар, терминалмен салынады, аржағынан міне жол тұр жолсалынған. Ток әкелінген бізде аэродром дайын деп айтуға болады", - дейді Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Әзілхан Әбеуов.