"Жасыбайдағы" бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды

227

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті хабарлады.

"Жасыбайдағы" бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: instagram.com/jasybai_resort

Бұрын элиталық президент резиденциясы болған Павлодар облысындағы "Жанбақы-Арнасы" (қазіргі "Jasybai Resort" демалыс орны) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұрын элиталық резиденция болған "Jasybai Resort" демалыс орны мемлекет меншігіне қайтарылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан элиталық демалыс үйі жекешелендіруге жатпайды. Алайда басында бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік бұл демалыс үйінің иесі болған. Кейін оны басқа ЖШС иеленген. Павлодар облысы әкімдігінің қаулысымен "Jasybai Resort" демалыс үйі Баянауыл ауданы әкімдігінің балансына берілді", - делінген хабарламада.

Жасыбай көлінің жағасындағы бұрынғы президент резиденциясы жекешелендіруге жатпайды. Сот бұрынғы сатып алу-сату шартын және мүлікті жарғылық капиталға қабылдау-тапсыру актісін жарамсыз деп таныған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу