"Жасыл аула" науқаны аясында қала тұрғындары тегін көшеттер алды

384

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады. 

"Жасыл аула" науқаны аясында қала тұрғындары тегін көшеттер алды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Шаған, тал, катальпа және гибискус көшеттері 20 қыркүйектен 4 қазанға дейін қабылданған өтінім негізінде таратылды. 200 өтінімнің 70-і мақұлданды.Бір адамға 20 данадан артық көшет берілмейді. Қатысушылар арасында Наурызбай және Бостандық аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты.  

Науқанның шартына сәйкес, қатысушылар отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды. Акция барысында көшеттердің өмір сүру деңгейіне мониторинг жүргізіледі. 

Көшеттер жалпы пайдаланылатын аумаққа және көпқабатты үйлердің ауласына отырғызу ғана таратылады. ЖТҮҚ жеке секторларға және бау-бақша серіктестіктеріне, заңды тұлғалардың аумағында көшеттерді отырғызу және тарату көзделмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу