"Жасыл даму" АҚ басшысы қызметінен кетті

1324

"Жасыл даму" АҚ басқарма төрайымы Жанат Саматқызы өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жасыл даму" АҚ басшысы қызметінен кетті

Осыған дейін әлеуметтік желіде "Жасыл даму" АҚ басшысының қызметінен кеткені туралы ақпарат тараған.

"Биыл 1 ақпанда "Жасыл даму" АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалған Жанат Саматқызы 12 сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл қызметке алдағы уақытта кім тағайындалатынын қосымша хабарлаймыз", – деді Олжас Беркінбаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу