"Жасыл даму" АҚ-ға басшы тағайындалды

2042

Компания утилизациялық алымның жаңа операторы болып саналады.

"Жасыл даму" АҚ-ға басшы тағайындалды

"Жасыл даму" АҚ басқарма төрайымы қызметіне Жанат Самат тағайындалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің бұйрығымен "Жасыл Даму" АҚ басқарма төрайымы қызметіне Жанат Самат тағайындалды", – деді Олжас Беркінбаев.

Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында туған. 2001 жылы Ақтау университетін бітірген. 

Еңбек жолын Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілерді талдау және мониторинг бөлімінің бас салық инспекторы ретінде бастаған. Сондай-ақ әр жылдары өңірдегі аудит бөлімінің бас салық инспекторы болып еңбек еткен.

2008 жылы Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін "Каспий" ӘКК" ҰК"АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

2014-2016 жылдары Қызылорда қаласында "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы;

2019 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі;

2020 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарды.

Тұрмысқа шыққан, 3 баланың анасы. 

Ғылыми дәрежесі: Экономика ғылымдарының кандидаты.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу