"Жасыл даму" қоры Байқоңырда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуді қолға алмақ

253

Бұл туралы "Жасыл даму" АҚ инвестициялық жобалар қызметінің басшысы Серікбол Қалиақбаров мәлімдеді. 

"Жасыл даму" қоры Байқоңырда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуді қолға алмақ Фото: kazWaste

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында тұрмыстық қатты қалдықтардан қайталама шикізатты алып, кеспекше мен қожбетон блогын өндірілуге жаңа жабдықты сатып алу үшін "GREENORDA PROJECT" ЖШС-ның инвестициялық жобасы іске асырылады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің инвестициялық штабының кезекті отырысында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жоба мақұлданды. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-да құжаттарды қалыптастырудың 1-кезеңінен өтті және индикативтік шарты жасалады.

Жобаның жалпы құны 560, 2 млн. теңге болса, "Жасыл даму" АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы оның 504,2 млн. теңгесін бөледі. Қалған сома инвестордың өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу