"Жасыл Ел" жасағында 1 956 жас жұмыс істеуде

609

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен "Жасыл ел" еңбек жасақтарының XVIІІ маусымы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Жасыл Ел" жасағында 1 956 жас жұмыс істеуде

2020-2021 жылдары "Жасыл Ел" отрядтарында 1 200 адамға орын бөлінді, ал биыл бұл сан 1 956-ға дейін өсті, өсім 756 орынды құрады.

Қазіргі уақытта 14-17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған еңбек отрядтарының қатысушылары қаланың білім беру мекемелерінің аумағында, ал 18 жастан асқан жастар саябақтарда, скверлерде жұмыс істейді, көгалдандыру мен тазалауға қатысады.

Осы жылдың тағы бір ерекшелігі – қала басшылығының тапсырмасына сәйкес "Жасыл ел" жобасы аясында 14-29 жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 500 орын қарастырылған. Оларға форма тегін беріледі, 64 564 теңге мөлшерінде ай сайынғы жалақы төленеді, 6 айға дейін жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу