Жасыл форумды ұйымдастырушылар қағаз пайдаланудан бас тартты

999

Оңтүстік Кореяда осы апта "жасыл" деп аталды. Форумға GGGI-ге мүше барлық 33 мемлекеттің өкілдері қатысты.

Жасыл форумды ұйымдастырушылар қағаз пайдаланудан бас тартты

Жаһандық жасыл өсім институты Қазақстанды өз қатарына қосылуға шақырды. Бұл туралы Сеулде ұйымның бас директоры Франк Рийсберман мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

"Жасыл" форумды ұйымдастырушылар тіпті қағаз пайдаланудан бас тартты. Қажетті құжаттар қатысушыларға тек электронды пошта арқылы жіберілді. Мұнда пластиктен және ағаштан жасалған бұйымдар мүлде жоқ. Тіпті орындықтар мен үстелдер де картоннан жасалған. 

Оңтүстік Кореядағы "жасыл" аптаны Жаһандық жасыл өсім институты ұйымдастырған. Оны Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун басқарады. Институт оған мүше елдердің үкіметтеріне Париж климаттық келісімінің міндеттемелерін орындауға қолдау көрсетеді. Сеулде GGGI-ге мүше елдердің жасыл саясаты қарастырылды.

Ғаламдық институт мүше елдерге "жасыл" экономиканы дамыту үшін инвесторларды табуға көмектеседі. Бұл туралы барлық ақпаратты жеті жыл бұрын құрылған сайттан алуға болады

Порталда Қазақстан туралы да ақпарат бар, бірақ ескіріп қалған мәліметтер. Елорданың жаңа атауы да жазылмаған. Халықтың жан басына шаққандағы парниктік газдардың жиынтық шығарындылар туралы мәліметтер де толықтырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу