Жасыл технологиялар орталығы құрылады

1193

Жасыл технологиялар орталығы құрылады

Астанадағы Жасыл технологиялар орталығы Орталық Азия, Иран, Ауғанстан, Моңғолия мен Әзербайжан елдерінде жасыл экономиканы дамыту жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл туралы ҚР ЭМ жаңартылған энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова ОКҚ-дағы брифингте хабарлады, деп жазады strategy2050.kz.

Қазақстанның энергетика министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп Астанадағы Жасыл технологиялар орталығы тұжырымдамасын жасақтады.

Орталық ЭКСПО негізінде бірнеше жыл ішінде құрылады және ол бірінші кезекте орталықазиялық аймақта жасыл технологиялардың дамуына оң әсер ету керек.

Соспанованың айтуынша, орталық Орталық Азияға — Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, сонымен қатар Иран, Ауғанстан, Моңғолия мен Әзербайжанға бағытталады және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдерімен, Еуропалық одақпен, Ресей, АҚШ, Қытай, Үндістан, мен Латын Америка мемлекеттерімен ынтымақтастық орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу