"Жасыл" технологиялар саласында білікті мамандар жетіспейді

396

Сарапшылар кәсіпорындарда "жасыл" технологияларды енгізудің әлсіз деңгейі байқалып отырғанын айтады. 

"Жасыл" технологиялар саласында білікті мамандар жетіспейді Фото: Otyrar.kz

Қазақстан экологиялық тиімділік индексі бойынша әлемдегі 180 елдің ішінде 93-орында тұр. Бұл туралы Жас ғалымдар альянсының төрағасы, Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі Әсия Ермұхамбетова  айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан экологиялық тиімділік индексі бойынша әлемдегі 180 елдің ішінде 93-орында тұр. 2016 жылмен салыстырғанда еліміздің экологиялық тиімділігі 24 орынға түсіп қалды. Мәселен, 2016 жылы Қазақстан 69-орында болған еді. Бұл ретте экономиканың шығарынды сыйымдылығы дүние жүзінде ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып қала береді. Жалпы ішкі өнімнің көміртегі сыйымдылығы орташа әлемдік деңгейден 2 есе, ал Еуропалық Одаққа қарағанда 3 есе асады. Қазақстанның ірі қалалары ауаның қатты ластануынан зардап шегіп жатыр", - деді спикер.

Сөзінше, кәсіпорындарда жасыл технологияларды енгізудің әлсіз деңгейі байқалып отыр. Спикер зерттеуге сүйене отырып, Қазақстанның 2042 өнеркәсіптік ұйымының 266-сы жасыл технологияларды пайдаланатынын айтты. 

"Жалпы жасыл технологиялар саласында білікті кадрлардың, оның ішінде экологтардың, экономистердің, инженерлер мен технологтардың жетіспеушілігі байқалады. Осыған дейін спикерлердің ЖЭК үлесін ұлғайту туралы айтқанына сәйкес, ЖЭК салу және қызмет көрсету кезінде кадрлық әлеуетті дамыту мен қазақстандық қамтуды ұлғайтудың шұғыл қажеттілігі туындайды. Баламалы энергетиканы дамыту, шығарындыларды азайту, отын энергетикалық кешені саласында қазақстандық зерттеулер тапшы", - деді Әсия Ермұхамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу