Жасыл желек қурап, оны күтіп баптайтын жұмысшылар жұмыссыз қалды

1223

Шымкентте соңғы екі апта көлемінде бірнеше саябақ пен гүлзар су жүйесінен ажыратылған, деп хабарлайды Аtameken Business.   

Жасыл желек қурап, оны күтіп баптайтын жұмысшылар жұмыссыз қалды

Салдарынан қазір ол жердегі әжетханалар жұмысы тоқтап, жасыл желек қурап барады. Сондай-ақ су болмаған соң мамырдың бірінен іске қосылуы тиіс субұрқақтарда әлі күнге істемей тұр. Жағдайдың бұлайша ушығуына қаладағы жасыл желектерді күтіп баптау жұмыстарының биыл басқа мекемеге берілгені себеп болған. Өйткені, бір жарым миллиард теңгені мемлекеттік сатып алу конкурсынан жеңіп алған мердігер жұмысты дұрыс үйлестіре алмай жатқан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу