Жасырын патрульдің қауіпті жүргізушілерді қалай ұстайтыны белгілі болды

Алматы қаласында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды.

Жасырын патрульдің қауіпті жүргізушілерді қалай ұстайтыны белгілі болды Фото: Бейнежазбадан

Арнайы белгісі жоқ қызметтік көлікпен патрульдеген полицейлер қауіпті маневр жасаған BMW және Toyota жүргізушілерін тоқтатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиға түнгі уақытта Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болғанын мәлім етті. 

Әкімшілік полицияның іздестіру бөлімінің қызметкерлері арнайы белгісі жоқ қызметтік көлікпен патрульдеу кезінде жол ережесін бұзу фактілерін тіркеп отыр. 

Полицияның дерегінше, екі көліктің жүргізушілері жолақтарды ретсіз ауыстырып, қауіпті маневрлер жасаған. Бұл әрекет жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіреді. 

Тәртіп сақшылары қос көлікті де тоқтатып, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сонымен қатар, көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған. 

Полиция жасырын патрульдеу қауіпсіздік талаптарын әдейі елемейтін және жолда апатты жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтау үшін қолданылатынын ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу