Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде 227 заңбұзушылық анықталған

517

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.  

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде 227 заңбұзушылық анықталған Фото: BAQ.KZ

Былтыр тергеу судьяларының қарауына жасырын тергеу әрекеттерін өткізу туралы 34637 қаулы келіп түсті. Оның ішінде 32393 қаулы санкцияланды, 2244 жасырын тергеу әрекеттерін өткізуден бас тартылды, деп жазады inbusiness.kz.

Соттың санкция беруден бас тартуының себептері – тергеушінің тапсырмасын жасау кезінде тиісті талаптардың сақталмауы, дәлелді негіздеменің болмауы және оларды тағайындау мерзімдерінің бұзылуы. 

"Осы жылдың 1 тоқсанында жасырын тергеу әрекеттерін тағайындау және жүргізу кезінде заңдылықтың жай-күйін тексерумен қылмыстық қудалау органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылуы анықталды. Мәселен прокурорлар ЖТӘ тағайындау тәртібін сақтамауға, оларды жүргізудің тиісті негіздемелерінің болмауына, мерзімдерді бұзуға, сондай-ақ ЖТӘ-нің заңсыз өткізуге байланысты көптеген заң бұзушылықтарды анықтады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте өздеріне қатысты ЖТӘ жүргізілген адам хабарланған сәттен бастап 15 тәулік ішінде тиісті ЖТӘ жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген залалды өтеу туралы өтінішпен мамандандырылған тергеу сотына жүгінуге құқылы.

Осыған қарамастан 227 жағдайда бұзушылықтар анықталған.

Бас прокуратура бұзушылықтар бойынша қылмыстық қудалау органдарының атына прокурорлық қадағалау актілерін енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу