Жасырын жерасты жолы арқылы шекарадан жанармай өткізген қылмыстық топ ұсталды

214

5 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жасырын жерасты жолы арқылы шекарадан жанармай өткізген қылмыстық топ ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында анықталғандай, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.

Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған.

Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген. Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлға анықталды.

Қазір тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу