Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды

151

Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ҚР азаматына қатысты үкім шығарды. 

Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды Фото: astana.sud.kz

Ол есірткі затын – "гашишті" заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні кейін сатуды жоспарлаған.

Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдарының жедел жұмысының арқасында Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол берілмеді. 

Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу