Жатақханада қалған студеттер не істеуі керек?

911

Мүмкіндігі жоқ студенттер үйлеріне мәжбүреп қайтарылмайды.

Жатақханада қалған студеттер не істеуі керек?

Коронавирустан сақтану үшін университттер мен колледж жатақханаларындағы студенттер үйлеріне қайтарыла бастады. Бұл туралы Білім және ғылым министір Асхат Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Колледждер мен ЖОО-лар туралы да ақпарат берген болатынбыз. Олар қашықтықтан оқу форматына көшті. Бізде жоғары оқу орындары бойынша жалпы проблема жоқ. Дайын жүйелері бар. Колледждердің басым бөлігі бойынша да бізде проблема жоқ. Кейбір колледжде осындай сұрақтар туындаған. Сондықтан кейбір колледжде қашықтықтан оқыту жүйесін тезірек орнатып, жүйеге тиісті ақпарат енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз", – дегене министр жатақханалар мәселесі туралы да сөз қозғады.

"Билеттерін алып, үйлеріне қайту дегендей басқа да мәселелер бар. Сондықтан біз жоғары оқу орындарының, колледждердің басшыларына тиісті тапсырма бердік. Қалай болса да жатақханада қалуым керек, басқа баратын жерім жоқ деген студенттер жатақханада ары қарай қалуына мүмкіндік бар. Бірақ сол жатақханада ешқандай шаралар өтпейді. Әрқайсысы өз бөлмесінде болып, ешкіммен араласпай, осындай режимде өмір сүруі керек", – деді Асхат Аймағамбетов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу