"Жатақханада телефон ұрлап, оқудан шыққан": Желіде Перизат Қайратты айыптаған қыздың видеосы тарады

6686

Алайда, бұл ақпарат нақты дерекпен әлі расталмады.

"Жатақханада телефон ұрлап, оқудан шыққан": Желіде Перизат Қайратты айыптаған қыздың видеосы тарады Фото: Бейнежазбадан

Желіде бұрын Перизат Қайратпен бірге бір колледжде оқыдым деген бейтаныс қыздың видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты stan.kz басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұған дейін Перизат жатақханада телефон ұрлап, оқудан шыққан.

Бейтаныс бойжетеннің видеосы Instagram желісіндегі abdulla_kz парақшасында жарияланды. Ол өзінің эстрада-цирк колледжінде Перизат Қайратпен бірге оқығанын алға тартты.

"Сол кезде Ақтаудың колледжінен 2-курсқа Қасенғалиева Перизат деген қыз ауысып келді. Бір жарты жылға жетпейтін аз уақыт ішінде оның артынан жатақханада телефон, камераларды ұрлап, соның ақшасымен күн көретіні туралы әңгіме тарайды. Ол қызды кейін тіпті оқудан шығарып жіберді. Кейде сол қыз қайда кетті екен деп ойлайтын едім", – деді ол.

Ару бұған дейін желіде тараған ақпаратқа тіптен мән бермегенін айтады.

"Кейін ТикТоктан бір қайырымдылық қордың басшысы ұсталып жатыр екен деген ақпаратты көрдім. Бірақ, мән беріп қараған жоқпын. Өткізіп жібердім. Кейін қараймын деп жүріп, ұмытып кетіппін. Бүгін менің мұғалімімнен хабарлама келді. "Мынау бізде оқыған Қасенғалиева Перизат па?" деп сұрапты. Ашып қарасам дәл өзі екен. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" деп халық бекер айтпайды екен ғой. Студент кезінде сол ұрлығы үшін оқудан шығарып жіберіп еді, енді қазір бүкіл Қазақстан білетіндей ұсталып жатыр", – деп қорытты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу