Жатақханадағы өрт: қаза тапқандардың 11-і Қазақстан азаматтары

604

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Жатақханадағы өрт: қаза тапқандардың 11-і Қазақстан азаматтары Фото: Алматы әкімдігі

Алматы хостелінде өрттен қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаза тапқандардың ішінде 11 қазақстандық, Өзбекстанның бір азаматы және Ресейдің, сондай-ақ, Саха Республикасының азаматы бар екенін айтты.

"Олардың көбі Қазақстан азаматтары, табылғандардың бірі Өзбекстан азаматы, біреуі Саха Республикасының азаматы, қалғандары қазақстандықтар. Алғашында пәкістандықтардың құжаттары болмағандықтан, нақты белгілі болмаған. Қазір құжаттарды қарап жатырмыз", – дейді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, эвакуацияланған азаматтар жақын маңдағы мектеп пен жатақханаға орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу