Жатақханаларға айналған хостелдермен жұмыс жалғасады – министрлік

209

Әсіресе, жатақхана тапшылығы мәселесі Астана мен Алматы қалаларында әлі өзекті. 

Жатақханаларға айналған хостелдермен жұмыс жалғасады – министрлік Фото: Наиля Абдухаликова

Өткен жылы 5 мың студент хостелдерде, 725 студент қонақ үйлерде тұрды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, келешекте жатақханалармен жұмыс жалғасын табалы.

"Негізінен бұл Алматы және Астана қалалары. Бірақ негізгі талап – бұл хостелдерде тек студент жастар тұруы тиіс, басқа адамдар болмауы керек. Осы екі қаладағы тапшылықты ескерсек, хостелдермен ынтымақтастық жалғасады. Жақында біз мониторинг аясында Алматыдағы хостелдерге бардық. Кейбір хостелдер мамандандырылған, онда тек студент жастар тұрады. Олар бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жұмыс істегісі келмейтін хостелдер де бар, олар тексерістер мен қойылатын талаптардың көптігін айтады", - деді комитет төрағасының орынбасары.

Ақерке Абылайхан хостелдер СанПИН, өрт қауіпсіздігі және басқа да қажет құжаттарды тапсыруға міндетті екенін жеткізді.

Тілшілер университеттермен тығыз байланыста жұмыс істейтін хостелдер саны туралы нақтылады.

"Осы жылғы статистика 25 тамыздан кейін ғана белгілі болады. Былтырғы статистикаға сүйенсек, хостелдерде – 5 мың студент, жеке қонақ үйлерде 725 студент тұрды. Өткен жылы 79 хостел, 5 қонақ үй болды", - деді министрлік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу