"Жатақхананы жекешелендіріп берем": Алматыда жалған уәде берген күдікті ұсталды

306

Күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, алматылықтарға ақшалай сыйақы үшін жатақханаларын жекешелендіріп беруге уәде еткен.  

"Жатақхананы жекешелендіріп берем": Алматыда жалған уәде берген күдікті ұсталды Фото: pixabay.com

Ол жатақханадағы пәтерлерді сатып алып, заңдастыруды, қажет болған жағдайда қоғамдық қор арқылы несие алуды ұсынған, деп жазады inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірақ бұл "қызметтер" үшін алдымен ақы төлеу керек болды.

"Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46; 8-778-591-91-35 және 8-778-481-19-00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу