Әсіресе, жыл сайын ірі мегополис Алматыда орын тапшылығы жылда сезіледі. Жатақханаға жарымаған студенттердің кейбірі көлікте түнеуге мәжбүр. Ал, қалаға ағылған жастар легімен пәтерақы да қымбаттады. Қазір жергілікті оқу орындары студенттерді жаппай жатаханамен қамтуға күш салуда. Алайда Алматыға "арман қуып" келгендер арасында әлі де пәтер іздеп жүргендер жетерлік. Елімізде жылда қайталанатын жатақхана мәселесі қалай шешіледі?
Алматыда қазір 180 мың студент оқиды. Олардың тек 30% жатақханамен қамтылған, қалған 30% пәтер жалдаса, 40% туыстары мен жақындарын жағалайды. Қазір 13 мың студентке орын жетіспейді.
Ал, Астанада мұндай дүрбелең болмады. Әйтсе де жатақханаға сұраныс артқан.
Мәселен, Еуразия Ұлттық университетінде 8 жатақханасы студенттерге лық толған. Онда 4 мыңнан астам студент тұрып жатыр. Биыл, мұндағы үш мың студентке жатақханадан жатын орын бұйырмапты.
"Біз мемарандум арқылы 7 жатақханамен келісіам жүргізіп, 2-5 курстарды бірінші кезекте әлеуметтік топтағы студенттерден бастап барлығын орналастырып жатырмыз", - дейді Еуразия Ұлттық университеті Студенттер үйі дирекциясының директоры Мерей Шаменов.
Еліміз бойынша 116 жоғарғы оқу орнында жеті жүз мыңға жуық студент оқиды. Екі жылдан бері кәсіпкерлер үшін жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік беретін бағдарлама жұмыс істейді. Алайда кейбір инвесторлардың үміті ақталмады. Мәселең, Қостанайда 450 миллион теңгеге жатақхана ашқан кәсіпкер мемлекеттен қарызын ала алмай жүр.
Ал, Павлодарда кәсіпкер жатақхана орнына элиталы үй салынған. Қазір жоғары оқу орны мен инвестор соттасып жатыр. Себебі, студенттерін үйін салам деп жер телімін жалға алған кәсіпкер оны басқа мақсатқа қолданыпты.
Қазір еліміз бойынша 23 мыңнан астам студентке жатақханадан орын жетіспейді. Ғылым және жоғары білім минстрлігінің өкілдері мәселе біртіндеп шешіліп жатқанан айтады.
Биыл елімізде алғаш рет 7000-нан астам жетім және мүгедек студент жатақханаларда тұру ақысына жылына 29 АЕК мөлшерінде материалдық көмек ала бастайды . Қазір Студенттер үшін жатақханаға орналасу мәселесі бойынша жедел желі ашылған.