Жаттықтырушы-оқытушыларға спортшылардың жоғары нәтижелері мен спорттық дайындықтың келесі кезеңіне өткізгені үшін ынталандыру төлемдері енгізіледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Министрдің айтуынша, алдағы жазғы және қысқы Олимпиадаға дайындық мақсатында әртүрлі бағдарламалар жүзеге аспақ.
"Бұл жас таланттардың алға жылжуына көмектеседі, ал мамандарға қосымша мотивация береді. Алдағы жазғы және қысқы Олимпиадаға дайындық мақсатында "Париж-2024" және "Милан-2026" бағдарламалары іске асырылады. Бұл бағдарламалар шеңберінде біз спортшыларға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз", деді министр.