Жаттықтырушыларға Олимпиададан соң шара қолданамыз – Серік Сәпиев

2440

Қазақ елі жанкүйерлерінің салын суға кетіріп жатқан Токио Олимпиадасынан кейін кімге, қандай шара қолданылуы мүмкін? 

Жаттықтырушыларға Олимпиададан соң шара қолданамыз – Серік Сәпиев

Бұл туралы спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz

Жасыратыны жоқ, жанкүйерлер кімді кінәларын білмей жатыр. Бірі сүреңсіз ойын өрнегіне жаттықтырушылар жауапты десе, екіншісі, спортшылар сылбыр дегенді алға тартуда. Қалай болғанда да, Токиодағы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары Қазақстанның оң жамбасына келмей тұр. 

"Біз әр ойыннан кейін министрлікпен, федерациялармен және Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, сараптама жасаймыз. Қате-кемшілікті анықтап, нақты шешім қабылдаймыз. Жаттықтырушыларға Олимпиададан соң шара қолданамыз", – деді Серік Сәпиев. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу