"Жауапкершілік ата-ананың мойнында": Оқу-ағарту министрлігі Жітіқарадағы қайғылы жағдай туралы

391

Қолданыстағы заңнамада балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағандарға қатысты норма бар. 

"Жауапкершілік ата-ананың мойнында": Оқу-ағарту министрлігі Жітіқарадағы қайғылы жағдай туралы Фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Жітіқарада болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке қарай, ата-аналар кішкентай балаларын қараусыз қалдыратындықтан, балалармен осындай қайғылы жағдайлар болады. Комитет тарапынан көптеген жолданымдар жіберілді. Ата-ананың тәрбие беру бөлігінде жауапкершілігін күшейтетін нормалар бар. Бұл Қылмыстық Кодекстің 124, 140 баптары. Онда біз балаларымыз үшін жауапты екеніміз көрсетілген. Нақты осы отбасы (ред. – өрттен қаза тапқан бес бала тәрбиеленген отбасы) туралы айтатын болсақ, мұнда жауапкершілік толығымен ата-ананың мойнында", - деді Насымжан Оспанова тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек, осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысында өрттен қаза тапқан балалардың отбасы туралы пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу