"Жауапкершілік болуы тиіс": Ермағанбет Бөлекпаев Серік Сәпиевпен болған оқиға туралы пікір білдірді

121

Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Жауапкершілік болуы тиіс": Ермағанбет Бөлекпаев Серік Сәпиевпен болған оқиға туралы пікір білдірді Фото: ortalyq.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру және спорт басқармасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Оның айтуынша, аталған мәселеге қатысты асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайды. Ермағанбет Бөлекпаев тексеру мен тергеу аяқталғаннан кейін тиісті құқықтық баға берілетінін жеткізді.

"Тәртіп бұзушылық бар және ол үшін жауапкершілік те болуы тиіс. Сонымен қатар заң талаптарына қатаң сәйкес, үздіксіз атқарылуы қажет жұмыс бар. Бұл жөнінде біз бұған дейін де ашық мәлімдегенбіз және тағы да қайталап өтемін: аталған жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі", – деді облыс әкімі аппараттық кеңес барысында.

Аймақ басшысы барлық мемлекеттік қызметшілердің заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігіне ерекше назар аударды. Ол қоғамдағы кез келген келіспеушілік пен жұмыс барысындағы даулы мәселелер тек құқықтық алаңда шешілуі тиіс деп отыр. 

"Әрбір басшы ұжымдағы тәртіпке, заңның сақталуына және мемлекеттік органның беделіне жеке жауап береді. Мұны баршаңыз естен шығармауларыңыз қажет", – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу